Табысқа кілт
Денсаулықтың физикалық және психологиялық іргетасы балалық шақта қалыптасады. Бұл іргетастың мықты болуы ата- аналар сіздерге байланысты. Өйткені сіздер бастапқыда қандай тәрбие бересіздер, сол тәрбиені олар бойларына сіңіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене шынықтыру сабағының қажеттілігін бойларына сіңіру қажет. Жетістікке жету үшін ата- аналарға көп білу және істей алу керек. Сіздің балаңыз өседі және тәуелсіз болады. Оның ағзасы бекиді, қимыл- қозғалыстары сенімді, жылдам, нақты бола бастайды. Ойнайтын ойындары күрделенеді. Баланың ойын кезінде өмірлік іс- тәжірибесі және шығармашылық қиялы дамиды. Ол барлығын білгісі келіп талпынады, сондықтан да белсенді болады.
Тәрбиенің ең басты бір құралы гимнастикалық жаттығулар, қол еңбегінің түрлі үлгілері, қимылды ойындар. Баланың жақсы дауына және өсуіне, барлық ағзаның бекуіне, сүлденің және келбеттің бұзылмауын күнделікті жаттығу құтқарады. Дене шынықтыру сабағында баланың жас ерекшелігін, мүмкіндіктерін еске ала отырып, баламен ойын түрінде қарам- қатынасқа түсу қажет. Бала жаттығуды сүйіспеншілікпен және қуанышты сезіммен орындауға қол жеткізу керек. Баламен жаттыққанда үлкендер тартылуға, биікке секіруге, орындыққа және гимнастикалық қабырғаға шығуға көмектеседі. Бала әкесін мақтан тұтады: әкем қандай күшті, мені көтереді... Анасының қимылдарына еліктейді.
Ақырындап бірлескен сабақтар күннің бақытты оқиғасына айналады және бала қуанады, асыға күтеді. Бұндай сабақтар күнделікті өтуі қажет.
Жүйелік қамқорлық қана баланың қимылды дамуының табысты нәтижесіне қол жеткізеді.