"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 01.09.2023

           Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дәл осы Білім күні жариялауы бүгінде игі дәстүрге айналды. 
        1 қыркүйек – бүкіл ұрпақты біріктіретін Білім мерекесі. Бұл – жаңа оқу жылының бастауы және жас өркеннің өмірдегі жаңа кезеңі білім әлеміне қадам басуы. Мемлекет басшысының Білім күнімен қатар келген биылғы Жолдауын  балабақша  ұжымы біргелікте тыңдап, жан-жақты қолдау білдірді. Мемлекет басшысы Жолдауда экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
         Президент Қ.К.Тоқаев еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгінгі Жолдауда айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалғанын, сондай-ақ, «Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу», - деді. Президент мұның ауқымды әрі күрделі міндет екенін атап өтті.
         Бұл Жолдаудың басымдық жағы – елдің байлығы мен табысын азаматтар арасында әділ бөлінуін, Ұлттық қордың қаржысын жүйелі жұмсау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайту, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру керектігі және Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұдан өзге Жолдауда бірқатар мәселелер көтеріліп, Үкіметке түрлі тапсырма жүктеді.
         Ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі барлық реформалар, талаптар шаралары білім берудің қолжетімділігіне ғана емес, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушы: білім алушылар мен ата-аналардың, орта білім беретін мекемелер мен университеттердің жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететін болады.
         Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді, енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.
Біздін болшағымыз – біздің қолымызда, ал күшіміз – жастардың білімінде!

Жаңартылған күні: 19.09.2023 10:12
Құрылған күні: 19.09.2023 10:12

Текст