"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұр - Сұлтан

 

Астанамыз - Нұр-Сұлтан,
Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан
деп сезінетіндер, өз елінің патриоты
Ерлан Русланұлы Баймағамбетов

«Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұр-Сұлтан деп аталуы керек»,-деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  

Ерлан Русланұлының өлең шумақтары еске түседі.
Жаңғыртып қазақ даласын, 
Арттыру  үшін бағасын.  
«Нұр-Сұлтан»  деп өзгертті,     

Қазақтың бас қаласын. – дегендей Астана атауын өзгерту туралы «тарихи қадамды» мен де «тарихи, əділ əрі заңды шешім» деп есептеймін. Негізі Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына өзгерту туралы əуелден яғни 2016 жылы Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығында Парламент депутаттарының талқылауында айтылып келе жатқан ұсыныс еді. Бұл ұсынысты 2016 ж. бастап естігеннен кейін көкейімде жүрген еді жəне  қашан Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына ауыстырады  деп күтіп жүрген едім. Өз басым бұл жаңалықты қуана қарсы алдым. Себебі Астана мен Нұрсұлтан екеуі егіз ұғым. Мен өте қуаныштымын. Бұл да бір рухани жаңғыру. Еселі еңбекті бағалап, өз басым Астананы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді қолдаймын. Елбасы, ерен тұлға Н.Ə. Назарбаев – əлем тарихындағы кемеңгер тұлға əрі ҚР-ның Тұңғыш Президенті. Еліміздің əл-ауқатын жақсартып, əлемге əйгілі мемлекет құрды жəне Қазақстанды əлем танитындай деңгейге жеткізді. Тереземіз теңесіп, шекарамыз шегенделіп, көрші мемлекеттермен тату – тəтті қарым – қатынас орнатылды. Ең бастысы Елбасының арқасында Қазақстанның төрінде тамаша Астана құрылды. Сондықтан мен ойлаймын қазақ елі бақытты өмір кешіп жатыр. Елбасының салған сара жолына əлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Əлем басшылары Қазақстанды Елбасы Н.Ə. Назарбаев арқылы таниды. Мен үшін «Нұрсұлтан» сөзі қазақ елін нұрландырып, шуағы шашылып тұрғандай.

Нұр-Cұлтан қаласы – еліміздің астанасы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек. Елбасы – еліміздің жүрегі. Қазақ елі Елбасының 30 жыл ел басқарқан салиқалы да нық саясатын бағалап, сыйлайды. Сондықтан осы тариxи шешімді Қазақ елі қолдады деп ойлаймын. Қазақ елінің жүрегінде əрқашан есте қалатын ұлы тұлға. Тек қана Астана атауы өзгертіліп қана қоймай, Қазақстан қалаларының маңызды бас көшелері мен даңғылдарын Елбасымыздың атына берсек нұр үстіне нұр болар еді.

 «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум –  «Думан» орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, Әулие Үспен Богородица кафедралдық соборын, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік  кафедралдық соборын, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады.

2016 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – 88 қабатты  «Әбу-Даби Плаза» кешенін іске қосу жоспарланған.

Жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі бар. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны.

Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.

Астананың айналасында бірегей «жасыл белдеу» жасалып, қала ұланғайын далалық өлкенің ортасындағы шұратқа (оазис) айналып келеді.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Енді 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:

«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

 

 

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 18.05.2020 10:53

Текст