"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының №3 «Алпамыс» балабақшасы» МКҚК.

Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы, 7 шағын ауданы, 8 ғимарат.

  2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

№3 «Алпамыс» балабақшасы келесі мемлекеттік қызметі көрсетеді:

 «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау».

  2024 жылы - 128 қызмет көрсетілді;

  электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 122;

  қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны – 6.

  Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

  2023 жылы - 104 қызмет көрсетілді;

  электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 94;

  қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны – 10.

  Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат №3 «Алпамыс» балабақшасының http://ds0003.stepnogorsk.aqmoedu.kz/    ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік  қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, №3 «Алпамыс» балабақшасында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат).

Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының №3 «Алпамыс» балабақшасы МКҚК Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

№3 «Алпамыс» балабақшасы мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген  3 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 3 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін зерделеу.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

  • 5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

2025 жылы №3 «Алпамыс» балабақшасы» жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

Меңгеруші                                     Қ. Бештаева


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст