«Нұсқаушы «2024- 2025 оқу жылының педагогикалық ұжымның түзетушілік қызметі»- тақырыбында біздің бақшамызда жаңа оқу жылындағы алғашқы, ұйымдастырушылық педагогикалық кеңесі өтті.
Меңгеруші Құралай Нұрболатовна Бештаева барлық педагогтарды 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, зор денсаулық, кәсіби табыс және алға қойылған мақсат- міндеттерге табысты қол жеткізулерін тіледі. Әдіскерлер Т.Ю. Кузьменко және Е.К. Помогаевамен әріптестері олардың жазғы сауықтыру кезеңінде жасалған жұмыс түрлерін талқылап, жұмыс тәртіп жүйесіне бейімделді. Әдіскерлермен педагогтар жылдық жұмыс жоспарын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысының жоспарын, ҚР педагогтерін аттестаттау ережелерін, балалардың қауіпсіздігін, жаңа оқу жылына тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыруды талқылады.
Сонымен қатар, біз өзіміздің ұжымымызға жаңа педагогтарды жылы шыраймен қабылдадық. Біздің командаға екі тәрбиеші мен музыка жетекшісі келді.
Жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болсын!