"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мерекесі- ел мерекесі

23.09.2020

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Уақыт тез өтеді. Біздің қазіргі сәбилеріміз – ертеңгі біздің еліміздің иегерлері. Сондықтан да қазіргі таңнан бастап міндетті түрде біздің Республикамыздың кішкентай азаматтарының тәрбиесіне  аса көңіл бөлуіміз қажет.  Әр түрлі қоғамдағы басты факторлардың бірі азаматтылық пен тәртіптілікке тәрбиелеу, өз мемлекеттік тіліңе деген құрмет көрсету болып саналады. Бала ертерек тілді  меңгере  бастаса, ертеңгі күні сол тілді ұғыну оңай болады.

Осыған орай №3 «Алпамыс» балабақшасында  да тіл онкүндігіне  іс- шаралар ұйымдастырылды. «Тіл мерекесі- ел мерекесі» атты тематикалық сабақ өтті.  Балалар Отан, достық туралы ән айтып, қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды. Отан, тіл, достық туралы әр тілде мақал- мәтелдер айтылды. Балалар ертегі кейіпкері Алдар көсені қуанышпен қарсы алды. Алдар көсе балалармен ұлттық ойын ойнап, балаларға сыйлық үлестірді. Тематикалық  сабақ уақытында Қазақстан халықтарының  арасындағы достық белгісі аталып өтті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған,  өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

Сөзімнің соңында «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дегендей, ана тіліміздің мәртебесін кө­теріп, көсегесін көгерту өз қолымызда екенін ұмытпайық. «Ана тілің айбының. ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай ұлтымыздың ар-ұяты, асыл қазынасы ана тілімізді болашақ ұрпаққа саф таза күйінде жеткізейік ағайын дегім келеді.

Дюсебаева Самал Кузтаевна

№3 «Алпамыс» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст