Қазақстан Республикасы 22- қыркүйек «Тіл мерекесі» деп жариялады.
7- 18 қыркүйек «ҚР тіл онкүндігі», осының негізінде Қазақстан Республикасы халақтар тілі күніне арналған іс- шаралар жоспары құрылды.
Топтарда «Тіл – достық пен бірліктің дәнекері» атты тематикалық көрме ұйымдастырылды. Әр топта «Үздік этнографиялық бұрыш» безендірілді.
Ойындар күнінде дене тәрбие нұсқаушылырының басшылығымен ұлттық спорттық ойын- сауығы өтті. Бұл ойын- сауыққа балалар көңілді, белсенді қатысты.
Қазақ тілі мұғалімі «Телефонмен сөйлесеміз» дидактикалық ойынын өткізіп, тәрбиеленушілер арасында мәнерлеп оқу сайысы және мақал –мәтелді жатқа айту сайысы өтті.
Саяхат күнінде «Ұлы ақын- Абай» видео фильмін тамашалады.
Онкүндіктің қорытындысы «Мәңгілік елімнің- мәңгілік тілі» фестивалімен аяқталды.