"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Естияр тобының тәрбиешісі Садықова А.М. мақаласы "Қауіпсіз жаз"

12.05.2020

«Қауіпсіз жаз»

        Жаз мезгілі де келіп жетті. Балалар жаз уақытын қалай қауіпсіз өткізу керектігі туралы  ата-аналарға арналған бірнеше кеңестермен бөліскім келеді. Жазда балалар өте көп қозғалады, олардың дене белсенділігі артады, балалар өз бетінше болғысы келеді, сондықтан оларды қадағалау керек. Балалардың құмарлықтарына байланысты қауіпті жағдайлар жиі орын алуы мүмкін. Ең бастысы ата-аналар, қандай жағдайда да баланы қараусыз қалдырмау керектігін естеріне сақтау керек! Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көптеген ережелер қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ мектепке дейінгі жастағы баламен қарапайым ережелерді талқылап, ажырата білу қажет.

       Судағы қауіпсіздік ережесі: жаз- жылдың керемет мезгілі. Біздің барлығымыз демалуға, шомылуға көлге барамыз. Су тек қана демалу орны ғана емес, қауіпті аймақ.

  • үлкендердің қарауынсыз серуендеуге болмайды;
  • ауладан кетуге болмайды;
  • бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайды;
  • бейтаныс адамдардан әр түрлі сыйлықтар алуға болмайды;

Көшедегі қауіпсіздік: жазда балалар далада көп уақыт өткізеді. Өз ауласында болса да, балаларды қараусыз қалдырмау маңызды.

  • ересектердің қарауынсыз серуендеуге болмайды;
  • ауладан кетуге болмайды;
  • бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайды;
  • бейтаныс адамдардан әр түрлі сыйлықтар алуға болмайды.

       Ормандағы қауіпсіздік: орманда серуендеу-бұл өте жақсы демалыс! Бірақ ересектер баланы міндетті түрде таныстыруы тиіс кейбір ережелер бар, өйткені орман бала үшін қауіпті болуы мүмкін.

  • орманға жалғыз баруға болмайды;
  • үлкендердің рұқсатынсыз саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайды;
  •  егерде адасып кеткен жағдайда ешқайда бармай, бір орында тұрып, мүмкіндігінше қатты дауыспен айғайлау керек;

       Құрметті ата-аналар, бұл мағлұмат сіздерге қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектеседі деп үміттенемін. Бұл жаз мезгілін де балалар үшін қауіпсіз өткізейік! Балаларыңызды сақтаңыздар!

Естияр тобының тәрбиешісі

Садықова А.М.

Просмотров: 779

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст