Балабақшадағы мерекелер.
Балабақшадағы мереке балалар өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Ерте балалық шақтың әсері жиі есте қалады. Мереке - бұл қарым-қатынас қуанышы, өзін-өзі көрсету қуанышы. Біздің балабақшаның педагогтары балалардың өмірін қызықты, болуы үшін түрлі мерекелер ұйымдастырып келеді. Сондай мерекелердің бірі, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз», «Қош келдің жаңа жыл», «Аналарды сүйеміз», «Алтын күз». Бұл мерекелер біздің «Алпамыс» балабақшасында әр жылы өткізіліп ата-анларға, балаларға жақсы көңіл- күй сыйлап келуде. Мерекені өткізу кезінде балалардың бойына тамаша атмосфера ұялайды. Балаларға жеке және топтық қойылымдар көп әсер етті, тіпті ұялшақ балалар да сүйікті кейіпкерлердің бейнесіне еніп, мерекенің жақсы, қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Мерекенің қорытынды кезеңі тәтті сыйлықтарды тапсыру болды, өйткені сыйлықсыз бірде-бір балалар мерекесі өтпейді. Балабақшадағы мереке-бала өмірінің маңызды бөлігі. Бұл қуанышты оқиға балаға демалуға, көңіл көтеруге мүмкіндік береді және сонымен бірге оны рухани байытады және шығармашылыққа итермелейді.
Естияр тобының тәрбиешісі Қызтуғанова Ж.Б.