«Педагогтың денсаулық күні» кездесуі
Универсиада – 2017 – «Қанатыңды кең серпі!» ұранымен. «Қанатыңды кең серпі» ұранына біздің балабақша педагогтары да өз үлестерін қосты. Барлығына белгілі «дені сау педагог қана, дені сау балаларды тәрбиелей алады». «Адреналин» және «Тамаша сегіздік» командалары биік шыңнан көрінуге ат салысты. Біздің балабақша педагогтарына тән жылдамдық, жеңілдік, жеңіске деген құлшылықты балапан Сұңқар серпілтті.
Универсиада алауы тұтанды. Универсиада басталды. Командалар бір - бірлеріне үлкен жеңіс тіледі. Спортсмендер эстафетада өздерінің мықты екендіктерін, ЗОЖ туралы әндер айтып, «Мықты педагог болу – сәнді» тақырыбында жарнамалық роликтер көрсетті. Педагогтар бір - бірімен тоқтамайтын энергиямен , қуанышпен, азартпен алмасты. Ең бастысы әр педагог қиын уақытта бір- біріне көмекке келуге дайын болды. Кездесудің соңында педагогтар мадақтамамен марапатталып, жақсы көңіл - күйде дәстүр бойынша тәттілермен шай ішті.
Қазақстанның үлкен спорттық іс - шаралар өткізуіне ие болғанына біз шын жүректен қуаныштымыз.