Текст
Мінеки, балабақшаның есігі соңғы рет сіздер үшін ашылмақ. Сіздерге қанша жыл білім берген, тәрбие берген аяулы балабақша мен тәрбиешілер іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілейді.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл, ойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!