«Бала-бауыр етің», дейді дана халқымыз. Шыр етіп дүниеге сәби келсе, шаңырағы шаттыққа толып, «өлгені тіріліп, өшкені жаңғандай» мәре-сәре күй кешеді.Ұрпағын ойламаған ұлттың келешегі жоқ.Бүгінгі басты мәселесі-ұрпақ тәрбиесі. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген Мұхтар Әуезовтың даналық сөзі, бүгінгі қоғамның да басты ұранына айналды. Бала тәрбиесіне отбасы ғана емес, балабақша, мектеп, мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. 1982 жылы Степногорск қаласында №3 балабақшасы ашылған еді.
Міне, енді балабақша 40 жылдық мерейтойын тойлауда.
Осы қуанышты күнді бізбен бөліскендердің барлығына шын жүректен рақмет айтамыз! Сізге және сіздің отбасыларыңызға денсаулық!
Біздің кішкентай, ең әдемі, ең сүйкімді және ең еңбекқор әртістерімізге, балаларымызға алғыс айтамыз! Біз сізддерді өте жақсы көреміз және мақтан тұтамыз!