"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сауалнама "Қазақстанның атақты тұлғалары!"

12.09.2022

        №3 «Алпамыс» балабақшасының педагогтармен қазақ тілі мұғалімі Самал Кузтаевна «Қазақстанның атақты тұлғалары» атты сауалнама өткізді. Қазақтың ұлы жазушылары дегенде есімізге кімдер түседі?! Иә, ең бірінші, А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев секілді ұлы, қазақтың ұлт болып қалыптасуына, ана тілімізді, ділімізді, дінімізді сақтап қалған, санамызды оятқан алып тұлғалар есімізге түседі. Әр ақынның, әр тұлғаның тарихта орны ерекше. Осы аты аталған ірі тұлғаларға кішігірім тоқталсақ… Біз ол кісілер жайлы не білеміз? Не себепті «Қазақтың Ұлы тұлғалары» деген атпен әр қазақ баласының жүрегінен орын алды, соны айқындап алайық!

       Абай Құнанбайұлы – Ұлы ақын, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиетінің негізін салушы, реформатор Абай (шын есімі Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауын жайлаған Орта жүз, Тобықты руында дүниеге келген. Абай ең алғаш «Ескітам» деген медреседе сауат ашып, кейіннен көптеген оқу орындары мен медреселерді тәмамдаған.

        Келесі ірі тұлғаның бірі – Мұхтар Әуезов (1897 – 1961 ж. ж) – Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР – ң еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Мұхтар атамыздың ең үлкен шығармашылықтарының бірі – «Абай жолы романы» еді.

         Келесі ірі тұлғалардың бірі – Ы. Алтынсарин (1841 – 1889 ж.) қазақтың көрнекті ағартушы – педагог, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

      Қазақтың ақыны, әдебиетімізді зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ұлы тұлғаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынов (1972- 1937ж.) Қазақтың дара түлғасы Ахмет (шын есімі Шошақ) 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, елінің мүддесі үшін аянбай еңбек етті. Қазақ халқына бостандық пен теңдік   жолында саяси майданға араласты. 1910 жылы Ахмет Орынборға жер аударылды. Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарық көруіне себеп жасайды.

       Қазақтың Ұлы тұлғалары жайлы жазсақ, дәптерге сыймайды, сия жетпейді… Сондай, әр қазақ баласы, даласы үшін құрбан болған жандардың біз үшін, «Мен Қазақпын» деген әр адам үшін орындары ерекше екеніне еш күмәнім жоқ.

          

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст