"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Алпамыс» №3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад №3 «Алпамыс»  города Степногорск при отделе образования  по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№3 «Алпамыс» балабақшасының Тілдер онкүндігіне арналған іс- шараның есебі 2021-2022 оқу жылы.

24.09.2021

     Тілдер туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасаудағы міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық адамдарға бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы 22 қыркүйекте «Тілдер күнін» атап өтеді. Осының негізінде 6-22 қыркүйекте «ҚР тілдерінің онкүндігі» жарияланды, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалды.

     №3 «Алпамыс»  балабақшасында 6-22 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндік өтті. Бірінші күні Қазақ тілі мұғалімі С. К. Дюсебаева онкүндікті өткізу жоспарымен таныстырды.

     Топтарда «Тіл – әр халықтың байлығы» атты тақырыптық көрме, сондай – ақ балабақша әдіскерлері шағын көрме ұйымдастырылды.

     Сәби топ тәрбиешілері «Киіз үй», «Әжеге қонаққа» дидактикалық ойындарын, «Бәйге» қозғалмалы ойынын ойнады. Сондай – ақ, тәрбиешілер балаларды ұлттық аспап – домбырамен таныстырып, балаларға ұлттық ыдыс-аяқ- кесе туралы айтып берді.

     №7 «Қояндар»  тобы тәрбиеші Ольга Николаевнамен бірлесіп Қазақстан туралы өз қолдарымен кітап дайындады және №2 «Гүлдер»  тобының балалары топта «Менің Қазақстаным» дидактикалық ойынын өткізді, №6 топтың балалары тәрбиеші Татьяна Леонидовнамен бірге «Жайлауға саяхат» сюжеттік - рөлдік ойынын өткізді.

     Мектепалды даярлық топтары «Бұл қала жер бетіндегі ең үздік қала» тақырыбына тамаша суреттер салды.

     Музыкалық жетекші Галина Ивановна қазақтың ұлттық киімдерін көрсетті.

     Дене шынықтыру нұсқаушылары «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойын-сауық өткізді.

     Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Самал Кузтаевна «Ұлы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу» атты сайыс өткізді.

     Тіл онкүндігіне біз «Мемлекеттік тіл – балабақшадан»  қалалық байқауына қатыстық. Бұл байқаудың мақсаты: балаларға ана тілінің қадір-қасиетін үйрету, олардың мәртебесін арттыру. Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі тіл байлығын дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Отан, тіл, және білім - болашақтағы тірегім»  қалалық байқауын ұйымдастырды. Біздің балабақшадан біздің тәрбиеші Шайхутдинов Рауль қатысты.

      Тілдер онкүндігіне барлық топтардың балалары мен педагогтар қатысты.

 

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст