«Мектеп жасына дейінгі балаларда байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру»
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысты мектепке дейінгі ұйымда жетілдіру.
Міндеттері:
1) педагогтерде балаларда байланыстық тілді дамыту саласындағы өз білімдерін кеңейту қажеттігін сезінуге итермелеу;)
2) мектепке дейінгі балалардың тілдік даму процестерін жобалау, құрастыру дағдыларын дамыту;
3) ұжымда балалармен жұмыс істеуде неғұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді шығармашылық іздестіруге жағдайын жасау;
4) педагогтардың сөйлесу мәдениеті, әдепті мінез-құлық ережелерін сақтауын бақылау.
Педагогикалық кеңес іскерлік ойын түрінде өтті.
Педагогикалық кеңестің жемісті жұмысы педагогтардың мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жөніндегі жұмыс тәжірибесін жинақтауға және жүйелеуге, сондай-ақ осы бағыттағы тәрбиешілердің педагогикалық құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.