«Дұрыс тыныс алу – денсаулық кепілі!»
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызды міндеттері - денсаулықты нығайту, аурушаңдықты төмендету және салауатты өмір салтының негіздерін қалау.
Қазіргі заманғы медицина дұрыс тыныс алу-жақсы денсаулықтың кепілі деп санайды. Мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың көптеген педиатрлары мен педагогтары тыныс алу жаттығуларына, ҰОҚ-де, күнделікті өмірде, сондай-ақ балалардың бос іс-әрекетінде көп көңіл бөледі. Балалардың денсаулығын нығайту және алдын алу тәсілдерінің бірі - мектепке дейінгі балалар үшін тыныс алу жаттығуы.
Осыған қызығып, мен белгілі практик- авторлардың тыныс алу жаттығуы бойынша әдістемелік әдебиеттерді оқып, тақырыптық бейнероликтерді, ТВ бағдарламаларын, танымдық деректі фильмдерді, онлайн кітаптар оқуды және т.б. көре бастадым. Мәселені зерделеп, өз тәжірибемде осы бағытты қолданамын деген шешім қабылдадым. Менің міндетім дене шынықтыру нұсқаушы ретінде балалардың денсаулығын сақтау және балалар ағзасының әлеуетті мүмкіндіктерін көбейту. Сондықтан мен дене шынықтыру - сауықтыру жұмысының тиімді және заманауи түрлерінің бірі ретінде тыныс алу тренажерларын қолдану арқылы тыныс алу жаттығуы болып табылады деген қорытындыға келдім. Мен тыныс алу жаттығуы мен ойындары бойынша жұмыстың перспективалық тақырыптық жоспарын әзірледім. Өз жұмысымда тыныс алу жаттығуын жүргізудің әртүрлі ойын тәсілдерін қолдана бастадым. Балаларға тыныс алу тренажерларымен айналысу өте қызықты,балаларды ерекше формалар, бояулар қызықтырады. Тыныс алу жаттығуларын ойын түрінде орындау баланың жағымды эмоционалды көңіл-күйін тудырады, күйзелісті жеңілдетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда тыныс алу тренажерларын қолдану арқылы тыныс алу жаттығуы олардың физикалық дамуына және жалпы ағзаның функционалдық жағдайына оң әсер етеді деген батыл қорытынды жасауға болады.