Ұлттық ойын "Ханталапай"
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ұлттық ойынды іс-әрекетте қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындардың маңызы зор және де осы жинақтың бала денсаулығына, ойлау қабілеттерін дамытып, ұлттық сана-сезімін, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында №3 «Алпамыс» балабақшасында «Ханталапай» ойыны өткізілді.